ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)

Ата-аналарға

Алтын күз

12 қазан мен  16 қазан  күндері  «Мирас»балабақшасында  жыл сайынғы дәстүрлі «Алтын күз»  мерекелік ертеңгіліктері өтті. Ертеңгіліктер барлық жас ерекшелік топтарында өткізілді. Бала - бақшамыздың ең кішкене тәрбиеленушілері - бөбектер қызықты ертегілік көрініске қатысты: ертегі желісінде орман Ергежейлісі балаларға қаһарлы қара бұлт алып кеткен Күзді қайтаруға көмектесті, ал Ергежейліге көмектесу үшін, балақандар өздерінің балабақшадағы мерекеге жаттаған ең алғашқы тақпақтарын мәнерлеп нық айтуға тырысты және күз туралы әдемі де көңілді ән салды. Тіпті, өздерінің ең алғашқы оркестрін «орман» аспабы - бүрлермен ойнап берді. Ересек топтар мерекелерінде тәрбиеленушілеріміз әртүрлі көз тартымды және сүп - сүйкімді кейіпкерлерге: тиіндерге, кірпіге, көжектерге және аюға да айналды. Ертегі кейіпкерлері: сұм Мыстан кемпір, ана - қоян көжектерімен, көңілді Кірпі қызықты ойындарымен және көңілді әзілдерімен көрермендерге қуаныш сыйлады. Балалар күз мезгілі туралы ән салды, үш тілде тақпақтарын бар нақышына келтіріп, мәнерлеп айттты. Балаларға да, үлкендерге де әртістік жағынан өте епті билеген қыздардың қолшатырмен биі, ұлдардың саңырауқұлақ биі қатты ұнады. Әрине, қай мереке сый - сияпатсыз болушы еді? Мереке иесі, орман ханшайымы - Күз балаларға үлкен себетпен өзінің жеміс -  сыйын сыйлады. Өткізілген Күз мерекесі балалардың ойын - сауығын көруге келген ата-аналарға да, мерекеге қатысушы балаларға да рахат сезім мен көтеріңкі көңіл -  күй сыйлады.