ссылка на общий сайт
Атырау қаласы

31-73-81; 31-73-87
«Нурсая» ықшамауданы,11 көше, 21 үй.

+7 (7122)
Білім беру бағдарламалары

_1_1

Атырау қаласындағы «Мирас»балабақшасында оқыту мен тәрбиелеу «Мирас»  мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың кіріктірілген бағдарламасы (2-ден 6-жасқа дейін)  Мемлекеттік «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  жалпыға міндетті стандартының, Монтессори – педагогика  және  IBPYP (Халықаралық Бакалавриат Бастауыш мектеп бағдарламасы) бағдарламасының тәсілдері негізінде жүзеге асырылады.


Тәрбиелеу мен оқыту ана тілінде яғни қазақ тілінде жүргізіледі. Екінші тіл болып орыс және ағылшын тілдері саналады.

Берілген бағдарламаның мақсаты - үйлесімді дамыған, еркін, дербес тұлғаны тәрбиелеу үшін білім беру үдерісін ұйымдастыруға біртұтастық тәсілді қамтамасыз ету.

Балабақша түлегі мынадай қасиеттерді бойына сіңіруі тиіс:

1.Зерттеушілік       

2.Білгірлік             

3.Көпшілдік

4.Қамқорлық

5.Жан-жақты дамыған 

6.Талдай білетін

7.Жауапкершілігі мол

8.Дербес 


Бағдарлама негізін алты пәнаралық біріктіру құрайды, зерттеушілік іс-әрекетке көбірек көңіл бөлінеді. 

«Мирас» бағдарламасының ерекшелігі-сенсорика мен математика пәнінің кіріктіріліп өтілуінде. Сенсорика бойынша сабақтарда қоршаған ортадағы заттарды дене түйсігі арқылы аңғартуды  мақсатты дамыту үшін Монтессори материалдары, дәм сезу түйсіктерінің дамуы, заттар мен табиғи нысандардың сенсорлық белгілерімен таныстыру, «түс», «пішін», «көлем»  ұғымдарымен таныстыру пайдаланылады.

«Дүниетану» білім беру саласының міндеттері болып балалардың зерттеушілік дағдылары, мәліметтерді тауып алу тәсілімен үйренуі, өзін  және әлемде өзінің орнын жете түсінуі болып саналады. Курстың мазмұнына география, тарих, ботаника, зоология, тәжірибелік зерттеулер пәндері бойынша қарапайым білімдер қосылады.

«Физикалық және әлеуметтік даму» білім беру саласы  «Практикалық және әлеуметтік өмір дағдыларын қалыптастыру» (Practical Life Skills) дербес пәнін қосады. Монтессори-педагогикасының тәжірибесі  балаларда өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын, қоғамда және т.б. жерде мінез-құлық ережелерін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Бала дамуы туралы ақпараттар алу мақсатында тәрбиеленушінің алдыңғы жетістіктерімен салыстыру үшін  оқу нәтижелерін көрсететін диагностикалық және ағымдық бағалау жүргізіледі.

Жылына екі рет (желтоқсан айының соңында, мамыр айының соңында) семестр бойынша бала дамуы туралы есеп беру жүргізіледі және ата-аналардың электронды поштасына жолданады. Бағалау қорытындылары бойынша жылына 2 рет ата-аналар конференциясы өткізіледі. Ата-аналар конференциясын өткізу үшін топ тәрбиешілерімен және мамандармен жекелей кездесудің кестесі құрылады.